АСТАНА ҚАЛАСЫНЫҢ №100 «КӨРКЕМ» БАЛАБАҚШАСЫНДА «ӘДІСТЕМЕЛІК ДЕСАНТ» ӨТТІ
🏫 Астана қаласы Әдістемелік орталығының жылдық жоспарына сәйкес @korkemkindergarten №100 «Көркем» балабақшасында педагогтерге әдістемелік көмек көрсету мақсатында «Әдістемелік десант» ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында балабақшаның 13 тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттеріне қатысу жүзеге асырылып, әдіскердің құжаттары зерделеніп, тиісті ұсыныстар берілді.
«Әдістемелік десант» аясында келесі өзекті мәселелер қарастырылды:
• 2025–2026 оқу жылында тәрбиелеу-білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері;
• нормативтік-құқықтық құжаттармен жұмыс жүргізу;
• перспективалық жоспар мен циклограмма әзірлеу;
• баланың жеке даму картасын толтыру талаптары;
• педагогтерді аттестациялау материалдарын бағалау критерийлері;
• авторлық жұмыстарды әзірлеу жолдары.
Аталған іс-шара педагогтердің кәсіби құзыреттілігін арттыруға, тәжірибе алмасуға және білім беру сапасын жетілдіруге бағытталды.
@oqu_agartu_ministrligi
@altynsarin_akademiasy
@astana_akimdigi_akimat_astana
@jenis_qasymbek
@baikenyesset
@bilimastana
@k.sengazyyev_official
@d_syndar